АТҚҚ / АЖҚҚ болжамы
Көмірсутектерді өндіру көбінесе аномальды жоғары қабаттық қысымдар (АЖҚҚ) аймағында бұрғылаумен байланысты, бұл теория жүзінде гидростатикалық қысымнан айтарлықтай айырмашылықты білдіреді – аномалдылық коэффициенті 1.10-нан жоғары.
АЖҚҚ аймағында бұрғылау флюидтік көріністердің, лақтырылулардың қаупімен тығыз байланысты, кей жағдайларда ұңғыманы толық жоюға және бұрғылау кешенін уақытша тоқтатуға әкелуі мүмкін. Алдын алу шаралары көбіне бұрғылау ерітіндісінің жұтылуына немесе құралдың қысылып қалуына соқтырады, бұл елеулі қаржылық және уақыттық шығындарға әкеледі. Сондықтан жоғары қабаттық қысымдарды болжау әдістемелерін қолдана отырып, мақсатты кен орнының осы ерекшеліктерін алдын ала ескеру қажет.

«Стим Сервисез» ЖШС АЖҚҚ аймақтарын кешенді түрде бағалауды келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырады:
- деректерге толық аудит жүргізу, оның ішінде қиманың геологиялық және тектоникалық ерекшеліктерін, барлық сейсмикалық деректерді, сондай-ақ көршілес ұңғымалар мен кен орындарының каротаж мәліметтерін талдау
- АЖҚҚ пайда болу себептерін анықтау
- акустикалық, сейсмикалық, тығыздық және өзге де деректерді пайдалана отырып, 1D/3D модельдеу кезінде қабаттық қысымдарды есептеу әдістемесін нақтылау
Ұңғыма мен кен орны бойынша қабаттық және кеуектік қысымдардың таралуы жөніндегі толық көрініс ұңғыма конструкциясын және бұрғылау ерітіндісінің тығыздығын дұрыс анықтауға, сондай-ақ қиманың басқа да сипаттамаларын ескере отырып, қабаттық қысымды бақылау әдістемелерін таңдауға мүмкіндік береді.