Қаржылық кеңес беру және аудит
Біз өндірістік компанияларға ашық әрі тиімді қаржылық басқару жүйесін қалыптастыруға, ХҚЕС (Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары талаптарының), инвесторлар мен банктердің талаптарына сәйкес болуға және сапалы қаржылық есептілік негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға көмектесеміз.
Қазақстандағы мұнай-газ, металлургия және басқа да өндірістік салалардың ерекшеліктерін терең түсінеміз:
- жер қойнауын пайдалану саласындағы реттеу;
- инвестициялық жобалардың жоғары капитал сыйымдылығы;
- мұнай мен металл бағаларының қаржылық модельдерге ықпалы;
- банктер мен инвесторлардың талаптары;
- күрделі бухгалтерлік және қаржылық есептілік мәселелері (активтердің құнсыздануы, қаржылық құралдар, келісімшарттық міндеттемелер);
- есепке алу мен есептілік жүйесіне заманауи технологияларды енгізу.
Біздің мақсатымыз – бизнестің тұрақты өсуіне негіз болатын сенімді әрі ашық қаржылық басқару жүйесін қалыптастыруға көмектесу.
Біздің команда
Біздің команда — ACCA халықаралық кәсіби біліктілігіне ие және ХҚЕС талаптарына сәйкес есептілік дайындауда, сыртқы және ішкі аудитте, қаржылық бизнес-процестерді жетілдіру және трансформациялау саласында, сондай-ақ мұнай-газ және басқа да салаларда қаржылық модельдеу саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар Big4 халықаралық аудиторлық компанияларында жұмыс тәжірибесі бар мамандардан құралған.