Капитал тарту және қаржыландыру
Біз компанияларға ағымдағы қаржылық жағдайды талдау мен қажетті ақпаратты жинаудан бастап қаржылық модельді және банктерге, инвесторларға және несие комитеттеріне арналған материалдарды дайындауға дейінгі кезеңде банктік және инвестициялық қаржыландыруды тартуға дайындалуға көмектесеміз.
Қызмет аясында біз:
- бизнестің қаржылық жағдайы мен негізгі көрсеткіштерін талдаймыз;
- қаржыландыруды тарту үшін қажетті ақпаратты жинаймыз және жүйелейміз;
- ақша ағындарын және қаржыландыруға деген қажеттілікті талдаймыз;
- қаржылық модельдер мен болжамдарды әзірлейміз;
- борыштық жүктемені және компанияның берешекті өтеу қабілетін бағалаймыз;
- банктер мен инвесторлар үшін қаржылық ақпарат пен презентациялық материалдарды дайындаймыз;
- өтінімді қарау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттар пакетін қалыптастыруға көмектесеміз;
- банктердің, инвесторлардың және кеңесшілердің сұрақтарына жауап дайындауға қатысамыз.
Біздің міндетіміз — бизнесті әлеуетті қаржыландырушы серіктес үшін түсінікті әрі ашық ету және компанияның капитал тартуға дайындығын арттыру.